«XХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі тағы да ұзартылды

9 қазан 2020 жыл, Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Об этом сообщает Компромат 2.0


Алаш тарихына ден қойып, көмескі есімдер мен белгісіз оқиғаларды елге таныту жолында тер төгіп жүрген жас ғалымдар мен зерттеушілерге арналған жыл сайын өткізілетін «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі көпшіліктің сұрауы бойынша 2020 жылдың 30 қазанына дейін ұзартылды.




Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.


Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жұмыстарымен (эссе, мақала) қатыса алады.Қазақ және орыс тілдерінде жұмыстар қабылданады.


Источник: “https://akzhol.kz/xhi-asyrda-y-alashty-a-zholy-zhalpy-ltty-baj-auyna-synylatyn-zh-mystardy-abyldau-merzimi-ta-y-da-zartyldy/”